Кандидаттар Жарлысу ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кандидаттар Жарлысу ауылының тұрғындарымен кездесті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің жəне барлық деңгейдегі мəслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру жəне өткізу жоспарына сəйкес сайлау алдындағы үгіт - насихат шеңберінде 28 желтоқсан күні Жарлысу ауылында ҚР Парламент Мəжілісі депутаттығына үміткер Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы жəне аудандық мəслихат депутаттығына үміткер С.Бисембеков жергілікті сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі басымдықтар туралы айтып, партияның жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, ауылдарды дамыту, ауылшаруашылығын қолдау, əлеуметтік мəселелер төңірегінде атқарылатын жұмыстар туралы тұрғындар ұсынысын тыңдап, ой бөлісті. Өз кезегінде тұрғындар үміткерлерге алдағы сайлауда табыс пен сəттілік тіледі.


