Кандидаттар серіктестік қызметкерлерімен кездесті
Бүгін Қаратөбе ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келген «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттар А.Жамалов пен С.Имашева «Nazelprodukt» ЖШС қызметкелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде кандидаттар серіктестік қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауда елдің жарқын болашағы үшін дүрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
