Кандидаттар, ПБК мүшелері «Баянтау» СС спортшыларымен және жұмыскерлерімен кездесті
Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Баянтау» СС спортшыларымен және жұмыскерлерімен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, жазда мұнда провизорлық госпиталь ашылған болатын, қазір – қайта жаттығулар өтіп жатыр. - Бүгін біз «Баянтау» спорт кешенінде кездесу өткізудеміз. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасы, оның негізгі тұстары жайлы айтқымыз келеді. «Ыңғайлы қала», жастарды қолдау және спорттық инфрақұрылымды дамыту сияқты бағыттарға жеке тоқталайық, - деп атап өтті қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Әсия Тоқтамысова. - Жеке өзім жастарға арналған бағдарламалар туралы айтқым келеді. «NUR OTAN» партиясы 2025 жылға қарай жоғары оқу орындарына түсушілер үшін гранттар санын екі есеге ұлғайту үшін жұмыс жасауда. Колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту тегін болады, жатақханалардағы орындар саны артады, жас кәсіпкерлерге көбірек гранттар бөлінетін болады. Депутаттыққа кандидат Болат Заут бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол нұротандықтар Павлодарда екі жаңа спорт кешенін, тағы бір мұз аренасы мен жеңіл атлетика манежін, балаларға арналған 200 ойын алаңын, 21 шағын футбол алаңын, жаңа стритбол алаңын, көше тренажерлары мен стрит-воркаут кешендерін салуға қол жеткізуге ниетті екенін хабарлады. Болат Заут өз сөзінде қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсарту – «Nur Otan» партиясының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. - 2023 жылға қарай жаттықтырушылардың жалақысы екі есеге артады, мектептегі спорт секцияларындағы жұмысы үшін дене шынықтыру мұғалімдері елеулі қосымша ақы алады, - деп жалғастырды Қанат Сатабаев. - Балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарының саны артады. Әрбір ауылдық округте спорт нұсқаушысы лауазымын енгізу қажет. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Серік Байсейітов пен Асхат Хабылбеков кездесуге қатысушыларға жайлы қалалық орта құру туралы айтып берді. Павлодардағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай шаралар қабылданатынын Серік Байсейітов хабарлады. Асхат Хабылбеков тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында не істелетінін айтты.
Со спортсменами и работниками ДС «Баянтау» встретились кандидаты в депутаты павлодарского городского маслихата, члены Комиссии партийного контроля.
Напомним, летом здесь был развернут провизорный госпиталь, сейчас – снова проходят тренировки.
- Сегодня мы проводим встречу в спорткомплексе «Баянтау». Хотим рассказать о предвыборной программе нашей партии, озвучить основные моменты. Отдельно остановимся на таких направлениях как «комфортный город», поддержка молодежи и развитие спортивной инфраструктуры, - перечислила кандидат в депутаты городского маслихата Асия Токтамысова. – Лично я хочу рассказать о программах для молодежи. Партия «NUR OTAN» работает над тем, чтобы к 2025 году вдвое было увеличено количество грантов для поступающих в вузы. Обучение в колледжах по востребованным специальностям станет бесплатным, увеличится количество мест в общежитиях, больше грантов будет выделяться для молодых предпринимателей.
Кандидат в депутаты Болат Заут подробно рассказал о развитии массового спорта и важности здорового образа жизни. Он сообщил, что нуротановцы намерены добиваться строительства в Павлодаре двух новых спорткомплексов, ещё одной ледовой арены и легкоатлетического манежа, установки 200 детских игровых площадок, 21 мини-футбольного поля, новых стритбольных площадок, уличных тренажеров и стрит-воркаут комплексов. В своем выступлении Болат Заут отметил, что улучшение спортивной инфраструктуры города – один из главных приоритетов партии «Nur Otan».
- К 2023 году зарплату тренерам увеличат вдвое, серьёзную доплату за работу в школьных спортивных секциях получат учителя физкультуры, - продолжил тему спорта Канат Сатабаев. - Увеличится число детско-юношеских спортивных клубов. В каждом сельском округе должны ввести должность инструктора по спорту.
Кандидаты в депутаты гормаслихата Серик Байсеитов и Асхат Хабылбеков решили рассказать участникам встречи о создании комфортной городской среды. Какие меры будут приняты для того, чтобы улучшить экологическую обстановку в Павлодаре сообщил Серик Байсеитов. Асхат Хабылбеков рассказал, что будет сделано в сфере жилищно-коммунального хозяйства
