Кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесті.
#𝐄𝐤𝐬𝐩𝐫𝐨𝐦𝐭𝐊𝐞𝐳𝐝𝐞𝐬𝐲
Баршаңызға белгілі сайлау күні әне-міне дегенше жақындап келеді. Депутаттыққа үміткер кандидаттар бар күш-жігерін, білім-біліктіліктерін елге арнауға дайын екендіктерін көрсетіп бағуда. Көпшіліктің сенімінен шығу оңай шаруа емес, әйтсе де халықтың сенімін ақтау үшін барын салуда.
Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мусирбаев Самат, Иманбаев Айдос және Алиев Нурбол, Жумазанов Ербол ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында кандидаттар партияның алға қойған басым бағытарын тілге тиек етіп, алдағы келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына үлкен үміт артып, дауыс беруге шақырды.
