Кандидат тікелей эфирде!
Кандидат тікелей эфирде!
«Nur Otan» партиясы халықты бір мақсат жолына біріктіріп отыр
24.12.2020ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – үшінші мыңжылдықта жаңа қарқынмен алға басқан мемлекетімізді, біздің қоғамды бір шаңырақ астына топтастырушы басты тұлға.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегиясын ұсынды. Бүгінгі күні Партия тарапынан қабылданған бағдарламалар «Біз қандай деңгейге жеттік? Қайда бара жатырмыз және біздер қандай мақсаттарға жетуіміз қажет?» деген маңызды сұрақтарға нақты жауап береді.
Қазір әлемде экономикалық, әлеуметтік, саяси, технологиялық жаһандық үдеріс қарқын алды. Біздің басты міндетіміз – болашақта тарих толқынында лайықты орынды иелену. Елбасы нұсқаған отыз елдің қатарында болуымыз керек.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда «Nur Otan» партиясының рөлі айрықша. Осы орайда, біздің партия ауқымды реформаларды жүзеге асыру үшін келешектегі бағыт-бағдарын, атқаратын міндеттерін айқындап отыр. Елбасының стратегиялық бастамасын іске асыру жолында жаңа саяси Доктрина қабылданды. Осы уақытқа дейін Қазақстанда ауқымды саяси доктрина ұсынған саяси партия болған емес. Мұндай Доктрина тарихта болмаған, бірінші рет қабылданып отыр.
Жалпы, осы Доктринаның басты мақсаты мен негізгі миссиясы қандай десек, ол осы құжатта «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси идеологиялық бағыт-бағдары көрініс тапқанын айтар едім.
Осыған байланысты, партия Төрағасының бастамасымен әзірленген Доктринада атап көрсетілген біздің ең басты, негізгі байлығымыз ол – тәуелсіздігіміз! Осы тәуелсіздікті әрі қарай қорғау, мемлекетті жаңа сипатта дамыту – елдік мүддеміз!
Біздің партия бірлікке, іскерлікке, жайлы өмір сүруге шақырады.
Қазір қарап отыратын заман кетті. «Біреу маған бәрін жасап береді» деген ұғымнан арылатын кез келді. Немесе Үкіметке алақан жаятын уақыт та келмеске кетті. Бүгінгі нарық заманында ешкім басқа біреудің жұмысын істеп бермейді. Әркім өз тірлігін жасай білгені жөн. Ауылдық не қалалық жерде тұрса да, еңбектің көзін табуы керек. Сонда ғана бізде алға басу процесі болады. «Іздеген жетер – мұратқа» деген халқымыз.
Отанға деген патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды құрметтеу қасиеттері адамға тәлім-тәрбиемен беріледі. Біздің әрбір азаматымыздың жүрегінде менің мемлекетім, елімнің жетістіктері, менің халқымның мәдениеті мен өнері және әдет-ғұрыптары – басты байлығымыз» деген ұғым болуы керек. Тәуелсіздікті құрметтеудің бәрі Отанды сүюден басталады. Ата-ана баласына қалай тәрбие берсе, ол азаматтың өмір жолы сол бағытта қалыптасады. Адамның ең үлкен парызы өз балаларына дұрыс тәрбие беруі керек екені Құранда да жазылған. Елбасы өз сөзінде жастарға патриоттық тәрбие беру, өз Отанын сүйетін азаматтарды тәрбиелеп шығару мәселесін жиі көтереді. Адамгершілік қасиеттер, салауатты өмір салтын ұстану, өз ісінің нақты маманы болуға бейімделу – бәрі де берілген тәрбиемен тығыз байланысты.
Елдің тәуелсіздігі арқасында қол жеткен рухани байлықтарымыз – тіл, дін, мәдени құндылықтар. Біздің азаматтар қандай салада қызмет атқарып жүрсе де, ұлттық қасиеттерді қастерлеу, мемлекеттік мүддені жоғары қоюы қажет.
Біздің алдымыздағы міндет – ұлттық және мемлекеттік мүддені жоғары қоятын іскер азаматтардымызды партияның төңірегіне біріктіру. Барша халықты «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыруға жұмылдыру, барлық күшті бір арнаға бағыттау – уақыт талабы.
Партия қазір жан-жақты жетілді. Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісі жанындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – депутаттардың атқаратын рөлі ерекше. Біз халықпен тығыз жұмыс істеуіміз қажет. Әсіресе, шалғай ауылдардың тұрмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту, білім мен ғылым саласын жетілдіре түсу, денсаулық сақтау, қоғамға аса қажетті заңдарды шығару ісінде Фракция мүшелерінің белсенді қызметі талап етіліп отыр. Билік пен халықтың арасында байланыс орнатып, тұрғындарды толғандырып отырған мәселелерді Үкіметке дер кезінде жеткізу – депутаттардың міндеті.
Партияға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Елбасы «Nur Otan» қашанда азаматтық қоғамның көшбасшысы болуы қажет екенін айтты. Өйткені партия үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси, мәдени ұйымдармен тығыз әріптестік байланыс орнатып, олардың пікіріне де назар аударып, ұтымды ұсыныстарға сараптама жасап, барлық күшті бір ортаға біріктіруі қажет. Елбасының айтуынша, бұл жұмысты босаңсытуға болмайды, өйткені, біздің партия елдің болашаққа қадам басуының ядросы болып табылады.
Қазір бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда: Бизнес жол картасы-2020, Жұмыспен қамту-2020, Өнімділік-2020. Біздің азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін қолдаудың 100-ден астам тетіктері жұмыс жасайды. Мұның барлығын біз қоғамға жеткізуіміз қажет.
Нұротандықтардың жастарды тәрбиелеудегі рөліне жеке тоқталып өткім келеді. Бүгін тұрғындардың үштен бір бөлігін жастар құрайды. Қазіргі жастар ақпаратпен толық қамтылған, креативті. Олармен өз тілінде сөйлесу қажет. Сондықтан партия «Электронды партия» жобасын ұсынып, әлеуметтік жүйелерде жұмысын бастады. Бұл өте позитивті сәт. Бұл партияның қоғаммен бірге жаңғырту сатысында, заманауи трендтермен қатар дамитындығын көрсетеді. Патриоттық сезімі терең, рухани байлығы мол жаңа форматтағы қазақстандықтарды тәрбиелеу – Елбасы алға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі. Ендеше, біздің партияластардың жастар ортасында да беделді қызмет атқаруы қажет.
Құрметті жерлестер! Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының ел дамуында атқарып отырған қызметі зор, болашақта атқарар жоспарлары дажеткілікті. Сондықтан баршаңызды 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын.Құрметпен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Байжанов.
