Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы жалғасуда

5 қаңтарда Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер - Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Мирхат Жұмашев "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы бойынша Үлкен Еңбек ауылының зейнеткерлерi: Қадырғали Ахримов пен Есен Мұраттың үйлерiне арнайы барды.

Жүздесуде партияның атқарған игi iстерi мен алдағы 5 жылда Теректi ауданында атқарылатын жұмыстар баяндалды.

Зейнеткерлер депутаттыққа үмiткерлерге сəттiлiк тiлеп, Үлкен Еңбек ауылына таза ауыз су қажеттiгiн айтты. Сонымен қатар, "Ауыл мен қалаға қатынайтын жол жɵндеуден ɵтсе" деген тiлектерiн айтты.

Кездесу соңында депутаттыққа үмiткерлер 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

1
0
109

Осы тақырып бойынша

"Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы жалғасуда - Yvision.kz