Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кандидат - қонақта" канвассинг

15 желтоқсан күні "Nur Оtan" партиясының Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Мирхат Ибраев пен Сержан Идиятов "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы аясында кездестi.

Жүздесуде үмiткерлер Богдановка жұртшылығын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның iске асырған жобалары аясында атқарылған жұмыстары жəне жоспарлары талқыланды.

Тұрғындар сұрақтарын қойып, 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауға мiндеттi түрде барып, таңдауларын жасайтынын айтты.

"Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырып, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзiп жүрген Мирхат Мақсотұлы мен Сержан Серiкұлына Серiк Жарасов, Зайнолла Мұқатаев, Ерғали Ɵтеғалиев сынды еңбек ардагерлерi ақжарма тiлектерiн арнап, бата бердi.

10
2
362

Осы тақырып бойынша

"Кандидат - қонақта" канвассинг - Yvision.kz