Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кандидат - қонақта"

5 қаңтарда Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер - Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Мирхат Жұмашев "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы бойынша Шағатай ауылының зейнеткерлерi: Қадырбек Жантемiров пен Айжан Абулхасимованың үйлерiне арнайы барды.

Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасы, осы кезге дейiн жүзеге асырған жобалары мен алдағы 5 жылда Теректi ауданында атқарылатын жұмыстар баяндалды.

Зейнеткерлер депутаттыққа үмiткерлерге сəттiлiк тiлеп, ақ баталарын бердi. Əңгiме арасында зейнеткерлер ауыл мен қалаға қатынайтын жолдың күрделi жɵндеуден ɵтуiн тiлейтiндерiн жасырмады.

Кездесу соңында депутаттыққа үмiткерлер 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

1
0
133

Осы тақырып бойынша

"Кандидат - қонақта" - Yvision.kz