"Кандидат - қонақта"
"Nur Оtan" партиясының Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Мирхат Жұмашев "Кандидат - қонақта" канвассинг iс-шарасы аясында Ақсоғым ауылдық округiне қарасты Мақпал ауылының тұрғыны, еңбек ардагерi Сəлiм Бисариевтiң үйiнде арнайы болды. Жүздесуде үмiткер партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның iске асырған жобалары аясында атқарылған жұмыстары жəне жоспарларын талқылады. Еңбек ардагерi ақжарма тiлегун арнап, батасын бердi.
