"Кандидатқа өз сауалыңды жолда" онлайн акциясы өтті.
15 желтоқсан күні "NUR OTAN" партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабында облыстық мəслихат депутаттығына кандидат А.Қораласбаевтың қатысуымен "Кандидатқа өз сауалыңды жолда" онлайн акциясы болып өтті. Тікелей эфирге шыққан облыстық мəслихат депутаттығына кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының басты мақсат міндеттерін айтып түсіндірді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Сауалдар барысында сайлаушылар əлеуметтік жағдайға байланысты көптеген маңызды сұрақтар қойып, ой бөлісті.


