“Кандидатқа сауал жолда”
“Nur Otan”партиясының сайлауалды шараларының бірі “Кандидатқа сауал жолда”атты әлеуметтік желілердегі тікелей эфирі ұйымдастырылды.Әлеуметтік желі қолданушыларға тікелей байланысқа шыққан Орынбасар Сағынбасұлы Кушев “Nur Otan”партиясы Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаға сәйкес ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.Оның басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен әл ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.
“Nur Otan” партиясының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
