«Кандидатқа сұрақ қой»

4 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы атынан Казталов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Есбол Сақауов, Гүлбарам Лукпанова үгіт-насихат жұмыстары аясында «Кандидатқа сұрақ қой» форматында Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирге шығып, сайлаушылармен тікелей байланыс орнатты. Тікелей эфирдегі кездесуде үміткерлер еліміздегі соңғы жаңалықтар мен оқиғаларды, Казталов ауданында атқарылып жатқан және болашаққа жопарланған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сайлаушлар тарапынан мемлекеттік қызметкерлердің қысқартылуы және олардың өзге жұмысқа орналасуы, ауданымыздағы жастардың өз кәсібін ашуға арналған жеңілдіктер, су мәселесі, байланыс желісі, мал жайылымы, киіктің көбеюі сынды бірқатар мәселелер қозғалды. Айтылған ұсыныстар мен қойылған сұрақтарға үміткерлер өз пікірлерімен қоса заң жүзінде жауап бере отырып, кейбір өзекті мәселелердің партияның назарында болатындығын жеткізді. Үміткерлер партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді. Сонымен қатар сайлаушыларды алдағы сайлауда жетекші партия «Nur Otan»-ды қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
