"Кандидатқа сұрақ қой".
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Ж. Мангишев фейсбук әлеуметтік желісінде "Кандидатқа сұрақ қой" тікелей эфирін өткізді. Оған қосылған әлеуетті сайлаушылар "Nur Otan" партиясының Ақтоғай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныса алды. Кездесу барысында кандидатқа Ақтоғай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы туралы жалпы сұрақтар қойылды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау басты мақсат болып табылатынын атап өтті.
Біз бірлесе отырып, ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғам құрамыз.
ПОСТ С ФБ
