Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Күзгі тренд: Тоқыма жемпірлерді үйлестіріп үйрен!

Өйткені оның сәннен түспей келе жатқанына бірнеше жыл болды және қолөнер болғандықтан жоғары бағаланады.

Бірақ көптеген сұлулар оны таңдау мен үйлестіруде қателікке бой алдырып жатады. Сондықтан да болар сатып алынғанымен жиі киілмей, сөреде жатып қалады. Десе де жылы жүріп, сымбатты көрінуге әрдайым мүмкіндік бар. Осы себептен де күн суыта бастаған уақта сіздергі тоқыма жемпірді үйлестірудің бірнеше тәсілдерін көрсетеміз.

Тоқыма жемпірлерді өрнектері арқылы бөліп қарастыруға болады. «Сегіздік», «Өрім» аталып кеткен бұл үлгі джинс жалбарлармен жақсы үйлесім табады.

Соңғы жылдары ірі айналымдар арқылы тоқылған киімдерге деген сұраныс ерекше. Бұларды шалбармен де, белдемшемен де киюге болады. Тек мүсініңіздің мінсіз болғаны дұрыс, өйткені бұл үлгі толық қыздарға аса жараса қоймайды.

Толығырақ: http://ernur.kz/san-alemi/kuzgi-trend-tokyma-zhempirlerdi-uilestirip-uiren

0
0
1030

Осы тақырып бойынша

Күзгі тренд: Тоқыма жемпірлерді үйлестіріп үйрен! - Yvision.kz