Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көтерме базар мен " Дана" супермаркетінде жұмыртқа бағасын анықтауы

Бүгін әлеуметтік желіде " Лада " сайты дүрліктіріп жазғандай жұмыртқа бағасы 4-шағын аудан "ШУМ" сауда орталығындағы "Дина" гипермаркет бөлімшесінде 10-данасы 1-сорт 539-теңге болғанын көріп. Ақтау қаласының " Nur Otan "партиясының филиалы мүшелері ретінде, партиялық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі, Ақтау қаласы маслихатына үміткерШамсадин Гусейнов екеуміз, көтерме базар мен Ақтаудағы ең үлкен азық-түлік желілік дүкені " Дана" супермаркетіне барып , жұмыртқа бағасын анықтадық. "База ОРС" көтерме базасында, " Асар-С" базарында "Деревенское" жоғары сорт жұмыртқасы саттықта 45-теңгеден таңертең сатылып,таусылып қалғанын айтты. Ал, "Дана" дүкеніне жоғары сорт 46-теңге,1-сорт 39-теңдеден саттықта шектеусіз бос тұр.

Құрметті Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқарма басшысыВенера Мустапаева сізден азық-түлік бағаларына тиісті мониторинг жүргізіп, күнделікті азық-түлік сүт өнімдері, өсімдік майы, ет ,тауық өнімдері, картофель, пияз, (бүгінгі күннің тақырыбы) жұмыртқа бағасының күрт өсуі себебіне тиісті жауап беруіңізді сұраймын.

Жалпы Ресейден келетін азық-түлік бағасы қымбатсып тұр дейді кәсіпкерлер. Ал онда өзіміздің отандық өнім бағасын неге өсіруде? Жылдың соңы,азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатуға жол бермеу керек!

Киікбай Жақыпұлы

0
0
240

Осы тақырып бойынша

Көтерме базар мен " Дана" супермаркетінде жұмыртқа бағасын анықтауы - Yvision.kz