Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу критерийлері
Зардап шеккен қызметкерлерге жіктемеде көзделген еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша КЕА дәрежесі мынадай жағдайларда: 1) егер зардап шеккен қызметкер өзінің кәсіби қызметі біліктілігінің шамалы немесе орташа төмендеуімен не атқаратын жұмысы көлемінің азайтылуымен немесе егер, организм функцияларының шамалы білінетін бұзылулары салдарынан оның кәсіптік қызметін орындауы бұрынғыдан көп күш қажет ететін жағдайда және (немесе) кәсіптік ауыруы кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор әсерінің азайтылуымен жалғастыруға қарсы көрсетілімдер болмаса, 5-тен 29 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді; 2) егер зардап шеккен қызметкер өзінің кәсіби қызметін әдеттегі өндірістік жағдайларда біліктілігінің айқын төмендеуінен не атқаратын жұмыс көлемінің азаюынан жалғастыруға қарсы көрсетілімдер болмаса, немесе егер ол кәсіптік қызметін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылулары салдарынан және (немесе) кәсіптік ауыруы кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор әсерінің азайтылуымен жалғастыру қабілетінен айырылған жағдайда 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді; 3) егер зардап шеккен қызметкер өзінің кәсіби қызметін организм функцияларының білінетін бұзылуы салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленіп, мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып арнайы жұмыс орны құрылып, арнайы жасалған жағдайларда ғана көрсетілімдер болғанда 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді; 4) егер кез келген кәсіби қызмет түрін арнайы жасалған жағдайларда да атқаруға нақты қарсы көрсетілімдері болған кезде, зақым келген қызметкер организм функцияларының айқын бұзушылықтары салдарынан кәсіптік еңбек ету қабілетінен толық айырылған жағдайда 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді. *** Пострадавшим работникам по степени нарушений функций организма, повлекших утрату трудоспособности, предусмотренных классификацией, степень УПТ устанавливается: 1) от 5 до 29 процентов включительно – в случае, если пострадавшему работнику не противопоказана профессиональная деятельность с умеренным или незначительным снижением квалификации, либо с уменьшением объема выполняемой работы, или если выполнение его профессиональной деятельности требует большего напряжения, чем прежде и (или) при профессиональных заболеваниях с уменьшением воздействия вредного и (или) опасного производственного фактора, вследствие незначительно выраженного нарушения функций организма; 2) от 30 до 59 процентов включительно – в случае, если пострадавшему работнику не противопоказана профессиональная деятельность в обычных производственных условиях с выраженным снижением квалификации, либо он утратил способность продолжать профессиональную деятельность и (или) при профессиональных заболеваниях без воздействия вредного и (или) опасного производственного фактора, вследствие умеренно выраженного нарушения функций организма; 3) от 60 до 89 процентов включительно – в случае, если пострадавшему работнику с выраженными нарушениями функций организма показана профессиональная деятельность лишь в специально созданных условиях, когда инвалиду устанавливается сокращенная продолжительность рабочего времени, создается специальное рабочее место, оборудованное с учетом индивидуальных возможностей инвалида в соответствии с законодательством Республики Казахстан; 4) от 90 до 100 процентов включительно – в случае, если у пострадавшего работника наступила полная УПТ вследствие резко выраженного нарушения функций организма, при наличии абсолютных противопоказаний для выполнения любых видов профессиональной деятельности, даже в специально созданных условиях.
