Кәсіподақтан мектепке жол акциясы
2020 жылы 21 тамызда Қостанай облысының мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы балаларға мектеп жиынтығын табыстай отырып, кәсіподақ мүшелері Ә.А. Сейдәліні, Г.Б. Төлегенованы, М.Н. Шарғынованы жаңа оқу жылымен құттықтады. Департамент қызметкерлері 7 жыл бойы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелері болып табылады.
Қазақстан алғашқылардың бірі болып ТМД-да 1993 жылы кәсіподақтар туралы заң қабылдады. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азаматтық қоғамда кәсіподақтардың рөлін ерекше атап көрсете отырып, «Қазақстандық кәсіподақтар - тұрақтылық тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі»,-деді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі тарихы 82 жылдан астам уақыт бойы созылып келе жатқан аздардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттің заңдарына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, кәсіподақтың өз жарғысына, жалпы қабылданған қағидаттарға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес әрекет етеді. Сала кәсіподағы саяси ұйым болып табылмайды. Бүгін сала кәсіподағы бұқаралық және өкілетті ұйым болып табылады, 85 000-ға жуық кәсіподақ мүшелерін біріктіреді.
-----------------------------------------------------------------
21 августа 2020 года обком отраслевого профсоюза работников государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания Костанайской области поздравил членов профсоюза Сейдалі Ә.А., Тюлегенову Г.Б., Шаргынову М.Н. с новым учебным годом, вручив школьные набры для детей. Сотрудники департамента являются членами отраслевого профсоюза работников государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания на протяжении 7 лет.
Казахстан одним из первых в СНГ в 1993 году принял Закон о профсоюзах. Первый Президент нашей страны Нурсултан Абишевич Назарбаев, особо выделяя роль профсоюзов в гражданском обществе, сказал, что «Казахстанские профсоюзы – это опора стабильности, базовый элемент социально-трудовых отношений». Общественное объединение «Отраслевой профессиональный союз работников государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания Республики Казахстан», является одним из немногих, чья история длится уже более 82 лет. В настоящее время профсоюз работников государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания действует в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами и другими нормативно-правовыми актами государства, собственным Уставом профсоюза, общепринятыми принципами и нормами международного права. Профсоюз отрасли не является политической организацией. Сегодня отраслевой профсоюз является массовой и представительной организацией, объединяет около 85 000 членов профсоюза.
