Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкерлікті қолдау - болашақты қалыптастыру

Кездесуде аудандық мəслихат депутаттығына кандидат, «Атамекен» кəсіпкерлер палатасының Баянауыл аудандық филиалының директоры Самат Мақажанов өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Үміткер: «Біздің ауданымызда 29 мыңға жуық адам тұрады, ал оның ішінде 1348-і ғана кəсіпкерлік субъектісі болып тіркелген, сондықтан мен таңдаған «Nur Otan» партиясының жеті бағдарының бірі – экономикасы тұрақты ауыл. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін кəсіпкерлерді қолдау қажет», - деді. Самат Серікұлы. 2020 жылы бизнес саласында, шағын жəне орта бизнестің тұрақты дамуына жағдай жасау үшін шектеу шаралары кезінде көптеген қолдау көрсетілгенін атап өтті. Атап айтар болсақ, салықтық жеңілдікті 727 кəсіпкер мен 510 шаруа қожалығы алды. Субсидия түрінде мемлекеттік қолдау 227 шаруа қожалығына көрсетілді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 5 жобаға 125,7 млн. теңге несие берілді; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 15 жобаға 317,2 млн. теңге несие берілді. «Еңбек» бағдарламасы аясында 28 жобаға, 128 млн. теңге несие мен гранттар берілді. «Атамекен» кəсіпкерлер палатасының Баянауыл аудандық филиалында жоғарыда айтылған кəсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалар бойынша 122 бастауыш кəсіпкерлерге үміткерлер оқып шықты.

«Бизнеске қазіргі уақытта мемлекет тарапынан үлкен назармен бөлініп жатқан қаражаттың маңызы зор, сондықтан жергілікті тұрғындардың қаржылық сауатын арттырып, жергілікті атқарушы органдармен диалог алаңдарында барынша мəселелер шешілуі қажет.

Кəсіпкерлер палатасының филиалы директоры ретінде мен, менеджмент саласындағы практикалық тəжірибем мен өз білімімді, күш қуатымды іскерлік ортасын жақсарту жолына жұмсауға дайынмын!

Негізгі назарым, ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамытуға, туристік жəне демалыс үйлер, шағын жəне орта бизнесті дамытуға бағытталатын болады.

Менің таңдауым «Nur Otan» партиясына жасалды, себебі партияның кадрлық əлеуеті жоғары. Бұл партияның міндеттері əрбір қазақстандыққа жақын жəне түсінікті. «Nur Otan» партиясы халық үшін жұмыс істейді, оның түпкі мақсаты халықтың əл-ауқатын жақсарту. Мен өз елімнің патриотымын жəне партияның бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысқым келеді.

Мен үшін басты мақсат – мемлекеттік деңгейде шағын жəне орта бизнестің мүдделерін білдіру жəне қорғау арқылы ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтардың əл-ауқатын арттыру, кəсіпкерлікті дамыту.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі міндеттері:

– салық ауыртпалығын төмендету жəне агроөнеркəсіп кешені өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру;

– агроөнеркəсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру, субсидиялау жəне ауылдық жерлерде орта жəне шағын кəсіпкерліктің өндірістік базаларын дамытуға арналған несиелердің болуы;

– өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосымша салмақ түсіретін кəсіпкерлердің өндірістік емес, несиелік жəне əкімшілік шығындарын мүмкіндігінше азайту.

Аталмыш мəселелер кəсіпкерлік жəне əлеумет саласында естіліп, нəтиже болатынын қалайтын болсаңыздар, менің кандидатурамды қолдауларыңызды сұраймын!», - деді Самат Мақажанов.

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидат, Баянауыл аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Қуаныш Айтжанов нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кəсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын түсіндірді.

Қуаныш Рамазанұлы бағдарламаның міндеттеріне тоқталды:

«Nur Otan» партиясы кəсіпкерлікті дамытуды басты назарда ұстап келеді. Осы бағытта «Еңбек» бағдарла- масы жүйелі жүргізілуде. Бағдарламаның басты мақсаты – халықты нəтижелі жұмыспен қамтуға жəрдемдесу жəне азаматтарды кəсіпкерлікке тарту.

«Еңбек» бағдарламасының мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүргізілетін болады. Бірінші –

«Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық асыру.

«Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық жəне кəсіптік біліммен жəне қысқа мерзімді кəсіптік оқытумен қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады. Бірінші – еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық жəне кəсіптік білімі бар кадрларды даярлау. Екінші – жұмыс берушілердің өтінімдері жəне еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кəсіптік оқыту. Үшінші – «Мəңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау. Төртінші – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кəсіптік оқыту», - деп санамалап берді.

Кандидат «Еңбек» бағдарламасының операторлары – Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі екеніне де тоқталды.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

0
0
1436

Осы тақырып бойынша

Кәсіпкерлікті қолдау - болашақты қалыптастыру - Yvision.kz