Кәсіпкерлікті қолдау
Кәсіпкерлерді қолдаймыз және лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде
COVID-19 жағдайында еңбек нарығында өзіндік түзетулер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділік әлсіреп, халықтың табысы төмендеді. Пандемия сонымен қатар бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне себеп болды. Партия тек көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіруге ғана емес, қолданыстағы мемлекеттік қолдау және «Атамекен» ҰКП мен ынтымақтастық құралдарын белсенді қолдану арқылы жаңаларын құруға жағдай жасайды. Біздің міндетіміз - жұмыссыздықты 4,5% деңгейінде ұстап тұруға және 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 135 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік беретін жеткілікті жұмыс орындарың құру.
Бұл үшін “Nur Otan” партиясы:
- Жыл сайын кем дегенде 700 жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде “Бизнестің жол картасы – 2025”, “Еңбек” және т.б. мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру есебінен.
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кемінде 25 адамнан тұратын жылдық кәсіптік оқыту (1 жылдан астам) және кемінде 50 адамнан тұратын қысқа мерзімді (3 айға дейін) оқыту, бұл коронавирус пандемиясының салдарынан жұмыссыз қалған жұмысшылардың тапшылығы мен жұмыспен қамтылуын шешеді;
- Бизнесті несиелендіру механизмдерін пайдалануды кеңейту арқылы 5 жыл ішінде 30жаңа бизнес нысаның ашу:
· 10- нан кем емес жобаның пайыздық мөлшерін субсидиялау;
· 7- ден кем емес жобаны жетіспейтін кепілдікпен қамтамасыз ету;
· 13-тен кем емес жобаны гранттық қаржыландыру.
- Жыл сайын бастауыш кәсіпкерлерге кемінде 15 грант және 90 шағын несие бөлуге.
- 2023 жылы ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын индустриалды аймақ құруға ықпал етеді.· 2021жылы Қобда ауылында 100 басқа арналған сүт-туарлы фермасын ашу;
Сонымен қатар2021-2022 жылдары Қобда ауылында қуаты 1,5 мың тн көкөніс өсіретін 2 жылыжай құрылысы басталып кетті.
Бұл шаралар 2025 жылға қарай 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, қолданыстағы бос жұмыс орындарына 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға және белсенді шағын және орта бизнес нысандарының санын 1,3 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

