Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын ауыл шаруашылығы саласына қолдану;
Мен - Джанзаков Ислам Исагалиевич Атырау қаласында 1962 жылы 10 қазанда дүниеге келдім.
* Қазақ политехникалық институтын аяқтадым, алғашқы еңбек жолымды Атырау өңіріндегі өндіріс орындарында қарапайым жұмысшыдан бастадым;
* 30 жылдан астам уақыт Атырау мұнай және газ институтында оқытушы, декан, проректор қызметтерін атқарып, техникалық ғылымдар докторы дәрежесіне ие болдым;
* Бүгінгі таңда Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің директорымын.
* «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталдым.
Құрметті жерлестер және саяси додаға түсіп жатырған әріптестер!
Мен «Nur Otan» партиясының Атырау қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, өңіріміздегі ауыл және балық шаруашылықтарында еңбек ететін маман-кадрларды дайындайтын іргелі оқу орны- Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің басшысы, ғалым-ұстаз ретінде «Nur Otan» партиясының белсенділері арасындағы іріктеуге қатысудағы басты мақсатым- қарапайым еңбек адамының партия болашағына деген сенімділігін нығайту, әлеуметтік мәселелердің нақты мерзімдерде шешілуіне және өлкеміздің білім саласының өркендеуіне үлес қосу. Осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін нақты іс-шаралар мен оны жүзеге асыру жолдары көрсетілген тұғырнамамның негізгі бағыттарымен таныс болыңыздар!
1. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын ауыл шаруашылығы саласына қолдану;
Қала азаматтарының әл-ауқатын жақсарту, «Бизнестің жол қартасы», «Агробизнес-2020» бағдарламалары бойынша, әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысу;
2. Кәсіптік және техникалық білім саласын өндіріс қажеттілігіне бағдарлау, жұмыссыздықты азайту;
Кәсіптік және техникалық білім беруді өндіріспен тығыз интеграциялау, жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалар бойынша тұрғындарды тегін қайта дайындау, одан әрі жұмыспен қамтамасыз етуге атсалысу;
3. Әлеуметтік осал топтардың мәселелерін шешу;
Қала тұрғындарына, әсіресе, қария мен мүгедектерге, аз қамтылған отбасылар мен жас отбасылардың әлеуметтік тұрмыстарын нығайтуға, жеке өтініштерін мезгілінде қарап-шешуге, ІТ-сауаттылықты ашу арқылы тыңдаушы мемлекеттің қалыптасуына жағдай жасау;
4. Тұрғындарға қолайлы өмір қалыптастыруға атсалысу;
Жолдар мен аула өткелдерін жөндеуге, аула аумақтарын абаттандыруға қаражат бөлуге, қала мен қала маңы арасындағы көлік қатынасының қамтамасыз етуін, оның сапасын бақылауға атсалысу;
5. Тұрғындардың экологиялық мәдени ортада өмір сүруіне жағдай жасау;
Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, табиғатты құрметтеуге табынушылыққа тәрбиелеу.
