Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері

Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән оқытылуда. Республика бойынша жалпы білім беретін мектептердегі 3500-дей оқытушылар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» cабақтарын оқыту үшін «Атамекен» ҰКП жанынан біліктілік курстарынан өтсе, біздің ауданнан да аталған курсқа қатысып біліктіліктерін шыңдаған мұғалімдер бар.

Осы жұмыстардың орындалуын бақылау мақсатында аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығындағы Аққыстау орта мектебінде болып, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» cабағының оқу барысымен танысты. Кемшіліктер анықталған жоқ. Бірқатар ұсыныстар айтылды. Бақылау жалғасын табады...

0
0
113

Осы тақырып бойынша

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері - Yvision.kz