Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік субсидияларды бөлу және беру саласындағы мониторинг қорытынды

2020 жылғы 12 қарашада «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік субсидияларды бөлу және беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары қаралды.

Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Менеев, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшының орынбасары Қ. Өміралиев есебі тыңдалды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік субсидияларды бөлу және беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылауында болады.

1
0
212

Осы тақырып бойынша

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік субсидияларды бөлу және беру саласындағы мониторинг қорытынды - Yvision.kz