Кәсіпкерлік субъектілері бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру шарасы
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 12 қарашасында Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасымен келісе отырып, сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды тапсыру кезінде кәсіпкерлік субъектілері бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру шарасы өткізілді.
Бұл іс-шара сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды заңсыз берудің алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің хаттамалық бұйрығына сәйкес өткізілді.
Дөңгелек үстел мәжілісінде Ақмола облысы бойынша ТРМКД басшысының орынбасары Азамат Каратаевич Мурзалин сөз сөйледі. Кездесу барысында оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес өнімнің сәйкестігін растау үшін қажетті рәсімдер туралы түсініктер мен ұсынымдар берілді. Аймақтың кәсіпкерлік субъектілеріне сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды қабылдау және алу кезінде әрекеттердің заңдылығына назар аударылады.
Дөңгелек үстел барысында сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды орындау кезінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды, сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
