Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіпкерлік қанат жайған аудан

КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЙҒАН АУДАН

Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласы ел экономикасының қарқын алуына айрықша ықпал етіп отырғаны айтпаса да түсінікті.

Күні кеше аудандық мәдениет үйі ғимаратында  Қызылорда облысы Кәсіпкерлік палатасының  Арал аудандық филиалы аудан кәсіпкерлері мен тұрғындары арасында есепті кездесу өткізді.

Жалпы кәсіпкерлік саласы Арал ауданының да әлеуетін арттыруда ерекше мәнге ие. Оған бүгінгі таңда аудан бойынша 3975 білікке жеткен кәсіпкерлік субьектілері айқын дәлел. Бұл жөнінде кездесуде алғаш сөз кезгін алған аудан әкімі М.Оразбаев баяндап өтті. Сонымен қатар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауданда тіркелген кісіпкерлік субьектілері 331 бірлікке артып, онда 5486 адам жұмыспен қамтылғаны да белгілі болды.

Мұнан соң, бүгінде 3 жылдан әрі билік пен бизнес арасындағы алтын көпірге айналған Қызылорда облысы Кәсіпкерлік палатасының  Арал аудандық филиалының директоры Қ.Еңсепов баяндама жасады. Белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың 9 айында аудандық кәсіпкерлер палатасына 832 аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар аясында көмекке жүгінген. Сонымен қатар, филиал тарапынан аудан кәсіпкерлеріне бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық есеп құру, маркетингтік талдау жүргізу, заң қызметін көрсету бойынша 167 сервистік қолдау қызметі көрсетілсе, бизнес жоспар әзірлеу бойынша 9 айда 237  жоба бойынша бизнес жоспар әзірленген.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша айтар болсақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша жыл басынан жалпы сомасы 197,6 млн. теңге болатын 8 жоба қаржыландырылса, «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы бойынша 8,5 млн. теңге болатын 1 жоба толығымен қаржыландырылған.

Сонымен қатар, «Бастау бизнес»  және «Бизнес кеңесші» курсын оқып сертификат алғандар арасынан ағымдағы жылы жалпы соммасы 68,9 млн. теңге болатын 15 жоба қаржыландырылса, оның ішінен 3 жоба кепіл мүлікіне мемлекет тарапынан 85% пайызына дейін кепілдеме берілетін «КазАгроГарант» АҚ арқылы жетпеген кепіл мүлкіне кепілдеме алуға қол жеткізді.

Жоғарыда атап өткендей, сертификат алған жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға және кәсіпкерлерге қол жетімді қаржы институтының бірі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры». Осы ретте, ауданда ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 58,1 млн. тенге болатын 18 жоба,  «Қолдау» бағдарламасы арқылы 9,6 млн. теңге болатын 5 жоба және 50 ауыл концепциясы бойынша «Ырыс», «Береке» бағдарламалары аясында аудандағы «Шижаға 16» және «АралТалапАгро» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтерінің 82 мүшесі 206,7 млн. теңге болатын несие қаражатына қол жеткізді.

Айта кету керек, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант бөлу бойынша жыл басында жеке кәсіпкер Бахыт Ашербекова «Логопедиялық орталық ашу» жобасы бойынша 0,9 млн.теңге және Ермек Ыдырыш «Аяқ киім тігу цехы» жобасы бойынша 0,65 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз қаражаттарға қол жеткізген болатын. Ал, қыркүйек айының басында инновациялық грант бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн теңгеге ауданымыздан 27 жоба ұсынылған. Нәтижесінде  12 жоба қолдау тауып, жалпы көлемі 12 млн. тенге болатын қайтарымсыз қаражаттарға қол жеткізген.

Осылайша өңірде өркен жайған кәсіпкерлік жайын баяндап өткен Қ.Еңсеповке тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан оң баға берілді. Жиын барысында өзекті мәселелер де, ұсыныс, сұрақтар да қалыс қалмай, әр сұрақ бойынша Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов тұщымды жауап беріп, салаға қолайлы бар мүмкіндіктермен бөлісті.

 
0
0
614

Осы тақырып бойынша