Кәсіпкерлермен кездесті
Жиынға өз ісін дөңгелетіп жүрген 30-ға жуық кәсіп иесі жиналды.
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттығына үміткер Аэлита Ахметсалимкызы Зайсан ауданында кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында ол жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстар жайлы да сөз етті. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іске асырылатын жоспарларды баяндады.

- «Nur Otan» партиясы өз ісін бастауға ниет еткендерге қолдау көрсетуге дайын. Бұған дейін де партиямыз жеке кәсіп ашқандарға қолұшын созып, туындаған мәселелерді шешуге атсалысып келе жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап қалмайды, - деді Аэлита Ахметсалимкызы.
Сонымен қатар кездесуге келгендер кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттығының кандидатына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
