Кәсіпкерлерді қолдаймыз
Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, қаладағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, қаланың жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.
Төтенше жағдай кезінде қала аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты.Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- Жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 9 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 160 азаматқа грант ұсынуға;
- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 210-ге жуық азаматтарға 160 стартап гранттар мен 50 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);
- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес кеңесші» курсымен жыл сайын 230-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға;
- «Оңтүстік» АИО ЖШС, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 190 жобаны несиелендіруге;
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 20 жаңа жобаларды ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен (құрал жабдық, азық-түлік және т.б.) қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға;
- 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер санын 8,5 мыңнан 8,8 мыңға жеткізіп, онда жұмыскер санын 13,9 мыңға жеткізуге;
- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 30-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға;
- жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға;
- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына); пайдаланылмай жатқан жерлердің иелеріне сол жердің нарықтық құнымен айыппұлдар салуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 99,0%-ға жетеді.
