Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті басшысы орынбасарының м.у.а Д.Қ. Тайшабай Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің жиналысына қатысты.
Отырыс барысында кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы есеп, сондай-ақ жалған кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың тіркеуі жарамсыз деп тануынан зардап шеккен адал кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалары тыңдалды.
Қорытындысында мемлекеттік органдардың басшыларына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөнінде ұсынымдар әзірленді.
