Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру — біздің ортақ міндетіміз!

2017 жылы 31 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкермен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері арасында семинар өткізілді.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ахметова А. Ж. жиналғандарды мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау өткізу туралы ережесімен, Үлгілік әдістемесінің негізгі өзгертулерімен, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасындағы жаңалықтармен, аттестаттау өткізу туралы мәселелерімен таныстырды.
Семинар барысында, "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізілетіні атап өтілді.
Семинар қатысушыларына бағалауды жүргізу мерзімі, жеке жоспардың жасау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы қағидаларына және әкімшілік және құқық қорғау қызметіне түсу үшін тестілеу өту бағдарламаларына енгізілген негізгі өзгерістері мен толықтырулары, сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекітудің, тағылымдамадан өту шарттары талқыланды.
Семинар соңында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруы этикалық ережелер мен моральдық-этикалық сипаттың нормаларына тікелей байланысты екенін атап өтілді.
Семинар барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
