ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көшпелі қоғамдық қабылдау Ақбастауда!

Рүстем Қалмұхамбетовтың тұрғындарды ауылдың және жеке бастың өзекті мәселелері бойынша қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес ауданымыздың Ақбастау ауылдық округіне қарасты Бірлесу Еңбек ауылында өтті.

Бұл туралықабылдауға дейін әлеуметтік желілерде анонс жарияланып, ауыл тұрғындарынада алдын ала хабарланып, халықтың көп бөлігінің құлағдар болуы және мейлінше күрделі мәселелерді толық қамту көзделді.

Өңірдегі БПҰ бөлмесінде өткен қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат депутаты И.Тоғанбаева, партия аудандық филиалыконсультанты А.Сабденбекова мен Ақбастау ауылдық округі әкімі әкімі Н.Дүзеева қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар ауылдағы почта ғимаратын жөндеуден өткізу, ғаламтор желісі жылдамдығын арттыру, ауылдағы негізгі көшелерге бейнебақылау қондырғысын орнату сынды мәселелерді қамтыды.

Өз кезегінде Рүстем Қасымов аталған мәселелердің басты назарда болатындығын жеткізді. Сауалдарына толық-қанды жауаптар алған тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын беріп, партияның қызметіне, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Қабылдау аяқталған соң төраға орынбасары ауыл ішін аралап, тыныс-тіршілігімен ауылдағы мекемелердің жай күйімен толық танысып қайтты.