ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көшпелі қоғамдық қабылдау

22 сәуір күні Бірлік ауылында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының мобильді қабылдауы өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева, Тасқала ауылдық округ әкімі Гүлжан Мухамбетқалиева қатысты. Алдымен арнайы топ өздерін таныстырып, келген мақсаттарын айқындап түсіндіріп берді.
Кездесу барысында Бірлік ауылында сумен жабдықтау желілерін салу, түнгі жарықтандыру, апатты ағаштарды кесу мәселелері қозғалды.
Бірлік ауылында сумен жабдықтау желілерін салу мәселесі қиындық тудырып тұрғаны айтылды. Бұл мәселе жөнінде «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева сметалық құжат дайындалып, облысқа жіберілгенін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, барлығына толыққанды жауап берілді.