ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көшпелі қоғамдық қабылдау

Мерей ауылында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының мобильді қабылдауы өтті. Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева қатысты. Алдымен арнайы топ өздерін таныстырып, келген мақсаттарын айқындап түсіндіріп берді.
Кездесу барысында мәдениет үйінің, балабақшаның жөндеу жұмыстары, Өркен елді мекеніне су,газ өткізу, жарық сынды мәселелер қозғалды. Мерей ауылында мәдениет үйінің мәселесі қиындық тудырып тұрғаны айтылды. Бұл мәселе жөнінде «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова сметалық құжат дайындалып, облысқа жіберілгенін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, барлығына толыққанды жауап берілді.
Сонымен қатар арнайы топ ауылдағы мектеп, мәдениет үйін аралап, жай-күйімен танысты.