Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көшпелі комитет отырысы

Ағымдағы жылдың 12 мамырында облыс әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы М.Нәлібаевтың қатысуымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбында отырыс өтті. Аталған отырыс Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.Бижановтың және облыс әкімі А.Айдарбаевтың төрағалығымен өткізілді. Сонымен қатар іс-шараға «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы, «Даму» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды.

 
0
0
220

Осы тақырып бойынша

Көшпелі комитет отырысы - Yvision.kz