ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Күшіміз бірлікте!» акциясы аясында, № 73652 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу

Тыл және қару-жарақ басқарамасының тікелей бағыныстағы әскери бөлімдердің жеке құрамындағы әскери қызметшілердің жоғары моральдық рухын қолдауға, Отан қорғаушының жоғары миссиясының маңыздылығын нығайтуға моральдық , психологиялық жай - күйін көтеру мақсатында түрлі сала өкілдерінің қатысуымен «Күшіміз бірлікте!» акциясы аясында, № 73652 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Аталған іс-шараға "Nur Otan" партиясы Жетісу ауданы филиалы қызметкері және ҚР Қарулы Күштер тыл және қару-жарақ басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің басшысы полковник Б.Ж.Аринов, Жетісу ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің өкілі А.Б.Абдраимов, ауған соғысы ардагері Д.К. Тулкибаев, ҚР ҚК ардагері Ж.Ш.Омаров қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында ауған және қарулы күштер ардагерлері өз тәжірбиелерімен бөлісіп, ел қорғаны болған әскери қызметшілерге алғыстарын білдірді. Акциясы аясында аталған гарнизонда тәрбие құрылымдарының офицерлері әскери ұжымдағы моральдық ахуалды зерделеу, терроризмге қарсы операцияға қатысқан әскери қызметшілерді психологиялық оңалту жөнінде кешенді жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы баяндады.