Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде маңызды кездесу өтті.

2015 жылдың 14 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің жұмысшыларына семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара облыстық прокуратурасымен анықталған заңбұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған тәртіптік іс, Тәртіптік кеңес отырысында қаралып, оның ұсынысы негізінде аталған мекеме басшысы атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Семинар-кеңес жұмысына Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин және мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш қатысып,  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен жалпы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістер соның ішінде, сыбайлас жемқорлық жасаған мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойы құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды.

Шараның соңында мекеме ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында видеороликтер көрсетіліп, қоғамдық пікірді анықтау мақсатында, қатысушыларға арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізді.

 
0
0
563

Осы тақырып бойынша

Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде маңызды кездесу өтті. - Yvision.kz