Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен, жас ұрпақ!

2020 жылдың 22 мамырында «Antikor ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және БҚО тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының аясында «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен, жас ұрпақ!» атты брейн-ринг зияткерлік ойынын онлайн түрде ұйымдастырды.

Шараға облыс аудандарынан және көршілес облыстардың Орал қаласында білім алушы студенттерінен құрылған «Адалдық», «Абай», «Әль-Фараби» атты командалары қатысты.

Байқаудың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарға елдік, ұлттық, мемлекеттік мәселелерге ат салысып, қоғамның дамуы мен әділетті, парасатты қоғамның қалыптасуы үшін елжанды азаматтық қоғам белсенділерінің, бүгінгі жастардың, зияткер ұлт ұрпақтарының қолдауы қажеттігін ұғындыру. Мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, тіл мәдениетін көтеру, ұлттық тарихымызды ұлықтау, онлайн байланыс арқылы әлеуметтік желі қолданушылары арасында халыққа жемқорлыққа қарсы қандай заңнамалық құжаттар мен заңдар қарастырылғанын кеңінен насихттау көзделді.

Ойын мемлекеттік тілде қашықтықтан (ZOOM қосымшасы арқылы) өткізіліп, үш кезеңнен тұрды. Қазақстан тарихы, мақал-мәтелдер және үшінші заңдардан құралған сұрақтарға жауап берген студенттер өздерінің білім, білік дағдыларын көрсетті.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ студентерінен құрылған «Абай» тобы жеңімпаз деп танылып, ұлы ақынмыз Абай Құнанбайұлының шығармалары жинағымен және қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау онлайн болғандықтан, сыйлықтар студенттерге кейін ресми табыс етілетін болады.

1
0
616

Осы тақырып бойынша

Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен, жас ұрпақ! - Yvision.kz