Көшелер қардан тазартылды
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалынның қоғамдық қабылдауына қаланың шеткі аудандарында тұратын тұрғындар көшелерді қардан тазалау үшін көмек сұрап жүгінуде.
Ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап тұрғындардың өтініші бойынша келесі көшелер қардан тазартылды: Ескі Согра кентіндегі Тальниковая, Сибирская, Сосновая, Титановая, Арматурный кентіндегі "Дарья" балабақшасының аумағы, "Восточник-5" ПСТ және Жаңа Согра кентіндегі Менделеев көшесі бүгінде қардан толықтай тазартылды.
Мәселенің оң шешілуіне Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты А.Т. Мамутова ықпал етті.
