ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Көршінің назары» деген бағдарлама іске асуда

Жаңаөзендегі Жергілікті полиция қызметкерлері қылмыспен күресудің барлық тәсілін тәжірибеден өткізіп келеді. Соның бірі «Көршінің назары» деп аталатын жаңа бағдарлама.

Бағдарлама бойынша, кез келген тұрғын күдіктенген көшілері немесе өзге де қылмысқа қатысты деп сезіктенген адамдар жайлы Жергілікті полицияға хабар бере алады. Осылай тұрғындар қылмыспен күресіп қана қоймай, өзінің көрсеткен белсенді көмегі үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде марапаттау ақысын ала алады. Сыйақының көлемі қылмыстың түріне байланысты.

Серік АЙДАРОВ – Жаңаөзен қалалық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің басшысы:
- «Көршінің назары» деген бағдарлама іске асуда. Осы бойынша ескерту жүргізудеміз. Сенімсіз адамдар туралы 102 жедел қызметіне хабарласыңыз. Осылай қылмысты дер кезінде алдын аламыз. Қазір үкімет ақша бөлуде. Ақшалай марапаттаймыз. Құпиялылық сақталады. Қылмыспен күрес тек полицейлердің ғана емес, азаматтық қоғамның да ортақ міндеті.

https://www.youtube.com/watch?v=dQIZMn36te8