Күршім аудандық «Nur Otan» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының кезектен тыс XX конференциясы өткізілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жалпы саны 33 делегат қатысты.
Делегаттар 22 адамнан тұратын партиялық тізімді бекітті, онда әйелдердің үлесі 31,8%, жастардың үлесі 45,5% құрады.
Конференция барысында делегаттар Күршім ауданының Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан бекітті.
Сондай-ақ, конференция барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер 2 кандидат арасында пікірталас өтті. Үміткерлер пікір сайыс барысында өзекті мәселелерді көтере отырып оның шешу жолдарында ұсынды.
Конференция жұмысына қатысқан партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарға дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша онлайн қатысқан үміткер Нұрлан Есімханұлы Қасымханов делегаттардың жоғары дауыстарына ие болды.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы делегаттары бекітілді.
