Күршім аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының онлайн режимде отырысы өтті.
Күршім аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының онлайн режимде отырысы өтті.
Бүгін, Күршім аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының фракциясының онлайн режимде отырысы өтті. Фракция отырысына аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Д.Қажанов қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының іске асыруы бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасын талқылау бойынша Күршім ауданы әкімінің орынбасары Е.Шораяқов сөз сөйледі. Жиын соңында фракция мүшелері жол карта туралы пікірлерін білдіріп, жол картасы бойынша аталған іс-шаралар жоспарының орындалуына атсалысатындықтарын жеткізді. Жол картасы талқыланып, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленіп, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекітуге жолданды.
