Көрсетілетін қызметті алушылардың ақпараттануы және қанағаттануы- мемлекеттік органның қызметін
2019 жылы 17 сәуірде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет алушыларымен кездесу өткізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметтер және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі туралы түсіндірілді. Қызмет алушыларға олардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлау және өзге де ақпарат алу үшін телефон нөмірлері бар визиткалары берілді. Көрсетілетін қызметті алушылармен әңгімелесу барысында сұралғандардың ешқайсысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағыммен жүгінбегені, қызметтер көрсету мерзімдерін бұзумен, қосымша ақы көрсетуден негізсіз бас тартумен және талап етумен бетпе-бет келмегені анықталды. Сауалнама барысында МӘС бөлімінің қызметкерлері тарапынан ақша қаражатын бопсалаушылық фактілері анықталған жоқ. Барлық қызмет алушыларға кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша жеке кеңес берілді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану құқықтары түсіндірілді. Кездесу соңында қызмет алушылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мамандарының қызмет сапасына және кәсібилігіне қанағаттанушылығын білдірді.
Осындай кездесулер көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу шарттарын жетілдіруге және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін жоюға бағытталған.
