Көптеген дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез

Туберкулез – бұл жұпалы ауру, қоздырғышы туберкулез таяқшасы болып табылады (МБТ). Туберкулез ауа – тамшысы жолымен таралады. Инфекцияның жұғу көзі – ауру адам. Жөтелгенде, түшкіргенде, күлгенле және сөйлегенде науқастан, туберкулез таяқшасынан тұратын түйіршіктер қақырықтан бөлінеді. Бұл түйіршіктерің мөлшері 1-5мкм, тамшылар түзіліп, қоршаған орта жағдайына байланысты, ауада бірнеше сағат сақталады. Әдетте жұғу бөлмелерде жиі байқалады. Бөлмелерді желдету түзілген тамшыларды жояды, ал күн сәулесінің тікелей әсерінен туберкулез таяқшалары жойылады. Ауаға тараған туберкулез таяқшасы, сау адамға ауамен дем алғанда жұғады, бірақ қарым – қатынаста болғандардың барлығы бірдей туберкулезбен ауыра бермейді. Жұқтыруға көңіл бөлетіні – ол ұзақ ұзақ уақыт туберкулез таяқшасын бөлетін, ем қабылдамаған науқаспен қарым – қатынаста болу. Туберкулез таяқшасы жұқтырылған адамдарда барлық уақытта, активті туберкулез дамып, жұқтырылғаннан кейін алғашқы екі жылда ауру қозуы жоғарылап, уақыты келе ауру дамуы төмендейді. Жұқтырылған
туберкулез таяқшаларынан, барлық уақытта туберкулез дамымайды. Қорғаныштық қаблеті қалыпты адамдарда туберкулездің даму қауіптілігі 10% бағаланады. Туберкулез ауруы қорғаныштық қаблеті төмен адамдарда, сонымен қатар әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы төмен, қант диабетімен ауыратын және ұзақ уақыт кортикостероидты гармон препараттарын қабылдайтын науқастарда, АИТ – жұқтырғандар, маскүнемдер мен нашақорларда жиі кездеседі. Туберкулез ағзаның барлық жүйелерімен тіндерінде, оның ішінде өкпені ( 80-85%) зақымдайды.
Кейде симптомсыз өтуі мүмкін, науқастардың 90% бір немесе бірнеше клиникалық симптомдары кездеседі.
Туберкулез симптомдарына:
-
2 аптадан жоғары жөтелу
-
тез шаршау
-
асқа тәбетінің төмендеуі
-
түнгі тершеңдік
-
дене қызуының көтерілуі
-
ентігу
-
қан түкіру
Туберкулез диагностикасында ең негізгі әдіс ол қақырықты микроскопиялық әдіспен зерттеу. Бұл әдіс жұқпалы түрін анықтауда тиімді. Туберкулез диагностикасында микроскопиялық әдістен басқа қақырықты егу әдістері қолданады. Қақырықты егу әдісімен дәрі сезімталдығын анықтап дәріге тұрақтылығын анықтайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандағы бизнеске АИВ/ЖИТС, туберкулëздің әсері – бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сырқаттану көрсеткіштерін азайту мақсатында туберкулëз, АИВ, ЖИТС дерттерін емдеу, алдын-алу шаралары бойынша бизнес-құрылымдарымен тұрғындарды хабардар етуді арттыру» жобасы аясында дайындалды.
