Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көпшілікке «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды

17 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткер Е.Елеусізов, Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері және олардың сенімді өкілдері Жоғары Егінсу, Жаңа Тілек ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге жергілікті жұртшылық, кәсіпкерлер, жастар мен қоғам белсенділері қатысты. Жиын барысында Е.Елеусізов көпшілікке өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады. Сонымен қатар штаб мүшелері әрбір қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, айтылған мәселелерді түртіп алды.

«Халықты толғандырған әр мәселе назардан тыс қалмайды. Партиямыздың басты бағыттарының бірі – ел азаматтарының әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік осал топтағы жандарға көмек көрсету», - деді Е.Елеусізов.

Тұрғындар өз кезегінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының мүшелеріне алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы сайлау қоры қаражатынан төленді

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Көпшілікке «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды - Yvision.kz