Көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді.
2020 жылы 17 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Саран қаласындағы көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
