Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу мәселесі бойынша тікелей эфир

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында еліміздегі көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу мәселесі туралы тікелей эфир өтті. Эфирге қоғамдық пікір көшбасшыларының бірі, көпбалалы ана Молдашева Сымбат Талғатқызы қатысты.

Елімізде көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленіп, барынша қолдау көрсетіліп жатыр.«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 1-бабы бойынша, көпбалалы отбасылардың тізіміне кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасылар кіреді.Олардың барлығына қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

12
0
216

Осы тақырып бойынша

Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу мәселесі бойынша тікелей эфир - Yvision.kz