Көпбалалы ананың мәселесі шешімін тапты
- Мен төрт балам бар көпбалалы анамын. Үшінші балам туғаннан мүмкіндігі шектеулі, оқудыда үйде оқиды. Өкінішке орай өзім жұмыссызбын, жолдасымныңда тұрақты жұмысы жоқ. Баламызды емдету үшін ауқымды қаражат керек, оған біздің шамамыз келмейді. Сондықтанда "Nur Otan" партиясынан көмек сұрап хабарласқан едім өтінішім жауапсыз қалмай оң нәтежесін берді- дейді көпбалалы ана. Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Қожахметов көпбалалы ананы қабылдап мәселесін жан-жақты тыңдап. Ананың өтінішіне байланысты өз қолдауын білдіріп материалдық көмек көрсетті. -"Nur Otan" партиясы қашанда нақты істің партиясы. Партияның қоғамдық қабылдауы әрқашан елмен тығыз байланыста жұмыс жасап, күнделікті арыз шағымдарды қабылдап оның шешілуіне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда партия билікпен бұқара арасындағы алтын көпір деуге болады. Менің қабылдауымда көпбалалы ана болды. Ол кісінің мәселесімен таныстым. Өте өзекті мәселе әр ата-ана үшін баласының денінің саулығы амандығы маңызды. Мен көпбалалы анаға қолдан келгенше көмек көрсететін боламын-деді облыстық мәслихат депутаты Қ.Қ Қожахметов.
