Көпбалалы ана баспаналы болды
Қабылдауға келген доссорлық көпбалалы ана Бибігүл Қанатбаева баспана мәселесін көтерді. Доссор кентінен бой көтерген үш қатарлы су жаңа алпыс пәтерлік тұрғын үйден Бибігүл Қанатбаеваға үш бөлмелі пәтер табысталды. Жалпы бұл алпыс пәтерлік тұрғын үйдің 38 пәтері көпбалалы аналарға берілді.
