«Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені»
Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені» тақырыбында дөңгелек үстел болып өті. Жиынға Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ- нің Мұнайлы ауданы бойынша сарапшысы Е. Жиенбаев, аудандық Қоғамдық келісім мүшесі З. Сарибасова, партия филиалының «Jas Otan» жастар қанатының белсендісі Қ. Үсенбеков және аудан белсенділері қатысты.
Сарапшының баяндамасына сәйкес аудан аумағындағы қазақтардың үлесі 97%, қалған 3% орыс, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, түркмен ұлттары.
Бүгінгі күнге дейін аудан аумағында ұлтаралық қақтығыстар мүлдем тіркелмеген. Көпұлтты біздің мемлекетіміз үшін татулық пен бейбітшілік басты мақсат екені анық, сол себептен алдағы уақытта ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында әлі де жұмыстар жасалатынын сарапшы айтып өтіп, жиын соңы пікір алмасу мен аяқталды.
