Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көп балалы аналармен жүздесті

Канвассинг, яғни құрметті, белгілі тұлғалармен кездесу шарасы аясында Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тойлыбаев Бегайдар және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қансеитов Қуаныш ауданың құрметті азаматшалары Фазылова Гүлмира, Боранбаева Айнұр және Молдыбаева Зүлфия аналарымыздың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үміткерлер өз кезегінде Қазақстанда 10 қаңтарда өтетін сайлау жүйесінен хабардар екенін айтып, еліміздің жетекші партиясына сенімі мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар нұротандық үміткерлерге сәттілік тілеп, салмақты әңгімесін жылы лебіз, ізгі ниетімен аяқтады.

Ана әлемді бір қолымен тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді. Сол сияқты бүгінде белсенді әрі іскер қыз-келіншектер, әйел-аналардың қоғамда өзіндік орны бар. Осы орайда "Nur Otan" партиясының белсенді нәзікжандыларға мол мүмкіндік ашқанын баса айтуға болады. Бұл дегеніңіз, ананың орны қазақ қоғамында әлі төмендемегенін білдіреді. Сайлау тізімінде әйелдердің, жастардың, әртүрлі этностар өкілдерінің қатары арттырылды. Бұл жолғы нәзік жандылардың саны басымырақ екенін айта кеткеніміз абзал. Әйел-аналар өздерінің сенімдерін, батылдықтарын, биік мақсаттарға қол жеткізу қабілеттерін іс жүзінде дәлелдей түспек. Жыл өткен сайын өңірде белсенді және іскер әйелдердің саны артып келе жатқаны бізді қуантады.

⠀Төлеби ауданының дамуына үлес қосып, осы өлке игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Осы аналарымыздың жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы еңбегі зор.

2
0
321

Осы тақырып бойынша

Көп балалы аналармен жүздесті - Yvision.kz