Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көп балалы аналармен кездесу өтті

Кеш барысында аналардың мұң-мұқтажы тыңдалып, көтерген мәселелері сараланды. Кездесуге келген аналар жыл басынан бері «күміс алқаларын» әлі ала-алмай жүргендерін айтып шағымданды. Аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова шешімін таппаған өзекті мәселелер бойынша тікелей партия филиалына жүгіну қажет екенін және оны толықтай қарастырып, оң шешімін табуға ықпал ететінін жеткізді. Жиын соңында аудандық ананалар кеңесінің төрайымы Күлпаш Алишева атқарылған жұмыстар бойынша өзінің есебін беріп, аналарды қоғамда белсенді болуға шақырды.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

Көп балалы аналармен кездесу өтті - Yvision.kz