Көп балалы аналардың үйлеріне барып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Кездесуде кандидаттар "Nur Оtan" партиясының Исатай ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұсыныс пікірлерін тыңдалып, қойылған сұрақтарына жауап берілді. Сайлауалды бағдарламадағы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын құру, ауданда көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған аналарды оқыту, өз ісін ашуға, кеңейтуге бағытталған «Іскер ана» жоба аясында 12 мамандықты дайындау жоспарланып отырғаны айтылды. Сонымен қатар, нақты істер партиясы- "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырылды.

